«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мен бүкіл ұжымының атынан Сіздерге бізге көрсеткен жемісті ынтымақтастықтарыңыз бен сенімдеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін.
Сіздердің назарларыңызға Қордың 2024 жылғы қызметіне шолу ұсынамыз. Онда қаржы институтының қызметі мен есепті кезеңдегі даму индикаторлары қамтылған.
2024 жылы Қор, алдыңғы жылдардағыдай, оңтайлы экономикалық және инвестициялық көр сеткіштерге қол жеткізді. Жыл сайын алдымызға жаңа міндеттер қойып, оларға табандылықтың, Қордың ойластырылған саясатының және ұйымшыл кәсіби ұжымның арқасында қол жеткізіп келеміз.
Біз бұл ұжыммен мақтанамыз. Жаңа өндірістерді іске қосу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кешенді жаңғырту, инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды қолдау бағытында ғы тұжырымдамалық жобаларымыз еліміздің экономикасының үдемелі өсуіне бағытталғанын ерекше атап өткім келеді.
Қордың корпоративтік саясатының негізгі қағидаты – ең алдымен азаматтар үшін ұзақ мерзімді әсері бар жобалардың әлеуметтік бағдарлануы.
Біз өз қызметімізде күнделікті жұмыс барысында ең заманауи және өзекті шешімдерді енгізуге баса назар аударамыз.
Қордың идеологиясы – серіктестерімізбен бірлік пен тепе-теңдікке, сенімді қарым-қатынасқа негізделгенін ерекше атап өткім келеді.
Институттың даму индикаторларын ұлғайту жөніндегі жоспарлы саясатымыз нақты цифрлармен расталып отыр.
Есепті кезеңде Қор еліміздің нақты экономика сына 778 млрд теңгеден астам тікелей инвестиция тартты. Өңдеу және инфрақұрылымдық салаларда табысты іске асырылған 318 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл жобалар бюджетке салық түсімдерінің едәуір ұлғаюына, жүздеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жаңа отандық тауарлардың пайда болуына және республиканың экспорттық әлеуетінің артуына елеулі үлес қосады.
2024 жылы Қор портфелінің көлемі 1,9 трлн теңгеге жетті. Оның негізгі бөлігін шағын және орта бизнес жобалары құрайды, бұл — біз үшін аса маңызды фактор. Қор өз назарын шынайы қолдауды қажет ететін қазақстандық өндірушілерге бағыттап отыр.
Лизинг алушылардың ауқымы кең — олар тігін өнімдерін, тұрмыстық техниканы, құрылыс материалда рын және басқа да тауарларды өндіретін, отандық брендтерді дамытуға және импортты алмастыруға ықпал ететін кәсіпорындар.
Қор еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға, әлеуметтік салаға арналған арнайы авт окөліктерді сатып алуға, теміржол саласындағы вагон паркін және өңірлердегі қоғамдық автобустарды жаңартуға белсенді қатысуда.
Мәселен, 2024 жылы Қордың қаржылық қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде 5 200 арнайы автокөлік жаңартылды. Олардың қатарында — жедел медициналық жәрдем автомобильдері, өртке қарсы және ауыл шаруашылығы техникасы, қоғамдық автобустар, теміржол саласына арналған жолаушылар мен жүк вагондары, сондай-ақ электр пойыздары бар.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдау ында аэрохабтар мен авиатехника паркін дамыту қажеттілігіне баса назар аударылды.
Осыған сәйкес, Қор 2025 жылы шағын авиацияны лизингтік қаржылан дыру арқылы әуе кемелерін жаңартуды жоспарлап отыр.
Қор бұл бағытта жұмысын бастап та кетті. 2024 жылы Қордың қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттіліктері үшін 4 бірлік шағын авиация ұшағы сатып алынды. Бұдан басқа, есепті жылы Қорының қолдауымен орман өрттерінің алдын алуға және оларды жою жұмыстарына отандық өндірістен шыққан 3 тікұшақ жеткізілді.
Қордың орнықты дамуы халықаралық уәкілетті ұйымдар тарапынан мойындалды. Есепті жылы Sustainable Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Өнеркәсіпті дамыту қорына жалпы 63 баллды құрайтын ESG рейтингісінің «2» деңгейін берді. Сондай-ақ, осы жылы Moody's халықаралық рейтинг агенттігі
Қордың несиелік рейтингін «Bа1»-ден «Baa3»-ке дейін «оң» болжаммен көтерді. Өңдеуші және инфрақұрылымдық салаларды қолдауға, сондай-ақ ел экономикасының өсуіне бағытталған жүйелі, кешенді жұмыс 2025 жылы жалғасатыны сөзсіз. Қордың дәлелденген стратегиясы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге және қаржы институтының серпінді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2025 жылы Қор өзіндегі әлеуетті, көпжылдық тәжірибе мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, дәстүрлі түрде Үкімет пен жалғыз акционер жүктеген міндеттерді барынша тиімді жүзеге асыруға күш салады