ҚҰРМЕТТІ СЕРІКТЕСТЕР МЕН ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздердің назарларыңызға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің» құрамына кіретін, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның (бұдан әрі – Қор) кезекті жылдық есебін ұсынуға рұқсат етіңіздер.

2024 жылы индустрия секторында едәуір оң және болашағы бар жағдай қалыптасты. Ел өнеркәсібі мемлекеттік қолдаудың арқасында тұрақты дамып, жаңа өндірістер санының артуына және жұмыс істеп тұрған отандық кәсіпорындардың қуаттарының өсуіне ықпал етті.

Өнеркәсіп кластері – экономиканың негізгі салаларының бірі ретінде ел өмірінің барлық бағыттарының дамуына серпін беретіні сөзсіз. Мемлекет тиімді және кезең-кезеңімен тексе рілген қадамдар жасап, уақтылы салалық бағдар ламаларды іске асырып келеді.

Бұл оң динамика бізге отандық өнеркәсіптің болашағына қатысты сенімді болжам жасауға негіз береді.

Қор еліміздің жүйе құраушы қаржы институттарының бірі ретінде индустриялық секторды кешенді дамытуға бар күш-жігерін жұмсауда.

2024 жылды Қор негізгі индикаторлары ның сенімді және жоспарлы өсуімен аяқтады деп нық сеніммен айта аламын. Бұл – Қордың жүйелі қаржы саясатының және инвестициялық жоба лардың табысты жүзеге асырылғанының айқын дәлелі.

Іргелі жетістіктердің бірі – Қорға Sustainable Fitch халықаралық рейтинг агенттігі тарапынан жалпы 63 баллмен «2» деңгейіндегі ESG рейтингісінің берілуі болды.

ESG рейтингінің берілуі Қордың корпора тивтік стратегиясының тиімділігін ғана емес, сонымен қатар ESG қағидаттарын енгізуге арналған бекітілген Жол картасына сәйкес алдағы жүйелі жұмысқа қосымша серпін береді.

2024 жылы Қор Қазақстан Республикасы ның «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау және кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны іске қосты.

Сонымен қатар, Қор ESG әлеуметтік қағидаттарын ұстана отырып, 2024 жылы респуб ликаның бірқатар өңірлеріне жедел медицина лық жәрдем көліктерін сатып алуға бағытталған AIX биржасында әлеуметтік облигациялардың дебюттік шығарылымын сәтті жүзеге асырды.

Оған қоса, Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Қордың несие рейтингін «Ba1»-ден «Baa3»-ке дейін «оң» болжаммен көтерді. Бұл – Қордың өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық секторларды кешенді түрде қолдайтын тиімді қызметінің тағы бір дәлелі.

2025 жылы Қор Қазақстан Республикасы ның индустриялық-инновациялық саясатын жүйелі жүзеге асыру бағытында жұмысын жалғастыратыны сөзсіз. Бұл – жаңа өндірістерді іске қосу, қолданыстағы кәсіпорындарды жаң ғырту, қуаттарын арттыру, жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін ұлғайту, импортқа тәуелділікті азайту және елдің экспорттық әлеуетін арттыру арқылы мультипли кативтік әлеуметтік-экономикалық әсері бар жобаларды қаржыландыруды қамтиды.

Директорлар кеңесінің атынан Қор ұжы мына – ауқымды жұмыс атқарғаны, әрбір іске жауапкершілікпен қарап, қойылған міндеттерді тиімді орындағаны үшін, ал серіктестерімізге – нәтижелі ынтымақтастығы үшін шынайы алғы сымды білдіремін.

Қордың алдағы уақытта да тұрақты дами тынына, барлық мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізетініне және жоғары нәтижелер көрсе тетініне сенемін!
Made on
Tilda