«KZ Recycling» ЖШС өтінімі бойынша «Алматы облысында қағаз және картон ыдыстарын өндіру үшін гофрленген қаптаманың өндірістік желісін жаңғырту»

Өнеркәсіп саласы: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: қағаз және картон өндірісі
Жоба жалпы құны 5 142 316 мың теңгеге мақұлдан ды, оның ішінде қаржыландыру сомасы – 3 984 141 мың теңге. 2024 жылы 3 984 000 мың теңге игерілді.

Сатып алынған жабдық кәсіпорынның жылдық өндірістік қуатын 117 млн шаршы метрден 177 млн шаршы метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта зауытта 840 адам жұмыс істейді. Қуаттың артуы нәтиже сінде қосымша 61 жаңа жұмыс орны ашылады. Жоба 2024 жылғы 24 желтоқсанда пайдалануға берілді.

«Kamlitkz» ЖШС өтінімі бойынша «Қостанай қаласының индустриялық аймағында жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіру бойынша зауыт құру» жобасы (2 мәміле)

Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: жетекші көпірлердің негізгі берілістерін өндіру
2024 жылы Қор «KamLitKZ» ЖШС өтінімі бойынша жалпы сомасы 72 500 000 мың теңгеге Қостанай қаласы ның индустриялық аймағында жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіретін зауыт салу жобасын қаржыландыру ды аяқтады. Барлық кезең ішінде жаңа өндірісті құру мақсатында 66 776 498 мың теңге игерілді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде: · жылына орта есеппен 71 мың тонна редуктор · жыл сайын орта есеппен 43 млрд теңгеге шикізат тық емес өнім экспортын қамтамасыз ету, · шамамен 360 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлану да. Жобаның мақсаты – жүк техникасына арналған жетекші көпірлердің негізгі берілістерін өндіруді ұйымдастыру. Зауытты пайдалануға беру 2025 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: резеңке шиналар мен камералар өндірісі; резеңке шиналарды қалпына келтіру
2024 жылы Қор «Tengri Tyres» ЖШС – «Татнефть» ЖАҚ және «AllurAuto» бірлескен кәсіпорнының өтінімі бойынша, Саран қаласында шиналар өндірісін ұйымдасты ру жобасын жалпы сомасы 80 046,8 млн теңгеге қаржы ландыруды жалғастырды. Оның ішінде Қордың қаржылан дыру үлесі 66 422,4 млн теңгені құрады. Жобаның мақсаты – заманауи автоматтандырылған жабдықты пайдалана отырып, шиналар өндіретін жоғары технологиялық зауыт салу.
Ерекшеліктері: · Жобада MESNAC, KONŠTRUKTA, VIPO, PROZAX, Comerio Encole, NAKATA ENGINEERING сияқты әлемдік жетекші өндірушілердің жабдықтары пайдаланылады.
· Өндірістік процестердің басым бөлігі автоматтан дырылады.
· Кәсіпорын 1116-дан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
· Құрылыс кезеңінде 2000-нан астам құрылысшы жұмылдырылады. Зауыт қуаты:
· Жылына 3 млн жеңіл автокөлік және жеңіл жүк шиналары,
· 0,5 млн тұтас металлокордты жүк шиналары. Өнімдер:
· Қазақстанда өндірілетін көліктердің бастапқы жиынтығына,
· Қайталама нарыққа,
· Таяу шет елдерге экспортқа бағытталады. Жоба 2024 жылғы 30 маусымда пайдалануға берілді.

«Tengri Tyres» ЖШС (бұрынғы «KamaTyresKZ» ЖШС) өтінімі бойынша «Қарағанды облысы, Саран қаласында шиналар өндірісін ұйымдастыру» жобасы

«Большевичка» ЖШС өтінімі бойынша «Большевичка» ӨК қолданыстағы өндірісін жаңғырту

Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Арнайы киім өндірісі
Жобаны 2024 жылы жалпы 1 085,8 млн теңге сомаға қаржыландыру жалғастырылды, оның ішінде қаржыланды ру сомасы 723,6 млн теңге құрады. 434,7 млн теңге игерілді. Жобаның мақсаты – өндіріс көлемінің өсуін қамтамасыз ету, ассортиментті кеңейту, еңбек өнімділігін арттыру, өнім сапасын жақсарту және өнімнің басқа түрін шығаруға қайта бағдарлау.
Тігін жиектерін таңбалау машиналары:
· материалдың шетін төгілуден қорғау үшін;
· бөлшектерді тегістеуге (әсіресе тоқылған бұйым дарды тігу кезінде) арналған;
· 50 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Өндірістік қуаты – жылына 87 360 өнім.
Жоба 2024 жылғы 28 желтоқсанда пайдалануға берілді
Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Қағаз және картон бұйымдарын өндіру
Қор 2024 жылы жалпы 5 443,4 млн теңге сомаға жобаны қаржыландыруды жалғастырды, оның ішінде қаржыландыру сомасы 3 857,1 млн теңге құрады. Жобаның мақсаты – сұйық өнімдерге арналған картон қаптамасын (Pure-Pak) дайындау бойынша қолданыстағы өндірісті (шығарылатын өнім ассортиментін) кеңейту. Осы жоба шеңберінде:
· жыл сайынғы өндіріс көлемін 327 млн данаға дейін ұлғайту;
· 16 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

«Қазполиграф» ЖШС (3 мәміле) өтінімі бойынша сұйық өнімдерге арналған картон қаптамасын (Pure-Pak) өндіруге арналған технологиялық жабдықты қаржы лизингіне сатып алу

«AynaGlass» ЖШС өтінімі бойынша «Айна өндірісі бойынша жоғары технологиялық кешен құру» жобасы

Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Табақ шыныны қалыптастыру және өңдеу
Қор 2024 жылы 1 245,2 млн теңге сомасына «AynaGlass» ЖШС жобасын қаржыландырды. Жоба Қызылорда облысында, Қызылорда қаласында (Қызылорда қаласының индустриялық аймағы) жылына 720 мың шаршы метр көлемінде өндіріс көлемін қамтамасыз ете отырып, айналар шығару бойынша жоғары технологиялық өндірістік кешенді ұйымдастыруды көздейді.
Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Алюминий өндірісі
Қор 2024 жылы 1 724,4 млн теңге сомасына «Компания Сев-Регион Строй» ЖШС жобасын қаржылан дырды. Жоба Ақмола облысында, Қоянды ауылында жылына жоспарланған қуаты 533 мың қума метр алюми ний бейіні бар алюминий прокатын дайындау зауытын құруды көздейді. Жоба: · 127 жаңа жұмыс орнын ашуға; · бюджетке салық төлеуді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС өтінімі бойынша Каустикалық сода және поливинилхлорид (ПВХ) өндіру бойынша инновациялық кешен салу

“Қазығұрт бақтары” ӘКК өтінімі бойынша Шырын өндіру кешенін салу

Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Жеміс-көкөніс шырындарын өндіру
Қор 2024 жылы 2 073,1 млн теңге сомаға «Қазығұрт бақтары» ӘКК жобасын қаржыландырды. Жоба Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Абай ауылында жеміс қоймасы мен сұрыптау кешені бар қуаты жылына 8,7 млн литр алма шырынын өндіруді ұйымдастыруды көздейді. Жоба:
· 89 жұмыс орнын ашуға;
· бюджетке салық төлеуді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Машина жасау
2024 жылы жалпы сомасы 18 790,3 млн теңге көлемінде «Темір жолдардың жылжымалы құрамы үшін өндірістік кешенді ұйымдастыру» жобасын қаржыландыру мақұлданды және басталды, оның ішінде қаржыландыру сомасы 15 032,2 млн теңге. Жобаның мақсаты - Темір жолдардың жылжымалы құрамы үшін өндірістік кешен ұйымдастыру. Пайдалануға беру мерзімі - 2026 жылдың ІІ тоқсанында жоспарланып отыр

«Алиот-сервис» ЖШС өтінімі бойынша «Темір жолдардың жылжымалы құрамы үшін өндірістік кешен ұйымдастыру» жобасы

«Asar Building Mixes» ЖШС өтінімі бойынша «Құрғақ құрылыс материалдарын өндіру» жобасы

Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Құрылыс ерітінділері өндірісі
Қор 2024 жылы 650,4 млн теңге сомаға «Asar Building Mixes» ЖШС жобасын қаржыландырды. Жоба Алматы облысында, ҚазЦИК ауылында құрғақ құрылыс материалдарының жаңа өндірісін құруды көздейді. Жоба:
· 42 жаңа жұмыс орнын ашуға;
· бюджетке салық төлеуді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Өзге де негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндірісі, Көмірсутек шикізатынан бастапқы нысандардағы полимерлер өндірісі
Қор 2024 жылы 34 772,9 млн теңге сомаға «Састөбе» инновациялық кешені ЖШС жобасын қаржыландырды. Жоба Түркістан облысында, Түлкібас ауданында каустикалық сода, поливинилхлорид (ПВХ) және кальций карбидінің жаңа өндірісін құруды көздейді. Жоба өндіріс көлемі:
· 50 мың тоннаға дейін сулы ерітіндіде 50% NaOH (100% қайта есептегенде);
· 50 мың тоннаға дейін қатты түрдегі 99% (100% қайта есептегенде) түйіршіктелген каустикалық сода; · 12 мың тоннаға дейін сұйық хлор;
· 120 мың тоннаға дейін ПВХ жылына. Жоба:
· 1 000 адамға дейін (құрылыс кезеңінде) жұмыс орнын ашуға;
· 346 адамға (пайдалану кезеңінде) жұмыс орнын ашуға; береді.
· бюджетке салық төлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік

«Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС өтінімі бойынша Каустикалық сода және поливинилхлорид (ПВХ) өндіру бойынша инновациялық кешен салу

«ИНТАГО КАЗАХСТАН» ЖШС өтінімі бойынша «ҰАТ» АҚ аумағында тоқыма емес геотекстильді мата өндіру зауыты» жобасы

Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Киімді қоспағанда, тоқылмаған тоқыма бұйымдарын өндіру
Қор 2024 жылы жобаны жалпы 1 365 млн теңге сомаға қаржыландыруды жалғастырды, оның ішінде қаржыландыру сомасы 612,9 млн теңге құрады. 612,9 млн теңге игерілді. Жобаның мақсаты – тоқылмаған геосинтетикалық материалдар шығаратын заманауи экспортқа бағдарлан ған кәсіпорын құру.
Жобаны іске асыру нәтижесінде:
· 36 жаңа жұмыс орны ашылады.
· Тоқылмаған геотекстильді мата өндірісінің жылдық көлемі 15 120 000 шаршы метрді немесе жылына 3 600 тонна құрайды. Жоба 2024 жылғы 27 қыркүйекте пайдалануға берілді.

«Kamlitkz» ЖШС өтінімі бойынша «Жүк техникасының жетекші көпірлерінің арқалықтарын оқшаулау деңгейін арттыру» жобасы (3 мәміле)

Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіру
2024 жылы Қор «KamLitKZ» ЖШС өтінімі бойынша жалпы сомасы 59 920 030 мың теңгеге «Жүк техникасының жетекші көпірлерінің арқалықтарын оқшаулау деңгейін арттыру» жобасын қаржыландыруды жалғастырды. Оның ішінде 55 000 000 мың теңге жаңа өндіріс құру мақсатында игерілді.
Жобаның мақсаты – 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасының автомобиль жасау сегментінде жүк техникасының жетекші көпірлерінің арқалықтарын механикалық өңдеу бойынша өндірістік учаскелерді дамыту. Жоба аясында:
· жыл сайын орта есеппен 101 мың бірлік арқалық өндіру,
· 6–7 млрд теңге көлемінде орташа жылдық табысқа қол жеткізу,
· 100-ге жуық жұмыс орнын ашу немесе сақтау жоспарлануда. Зауытты пайдалануға беру 2025 жылдың III тоқсанына жоспарланған.

«Arcus ИНВЕСТ» ЖШС өтінімі бойынша «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында теміржол техникасы үшін доңғалақты жұп өндірісін құру

Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: соғу, престеу, штамптау және илемдеу арқылы дайын металл бұйымдары мен жартылай фабрикаттарды өндіру
Жоба 2023 жылы мақұлданып, 2024 жылы 962 347,45 мың теңге сомаға қаржыландырылды.
Сатып алынатын жабдықтың өндірістік қуаты жылына 5 000 доңғалақ жұбын шығаруға және дәл сондай көлемде жөндеуге мүмкіндік береді. Теміржол көлігіне арналған қосалқы бөлшектер – доңғалақ жұптарын өндіру жобасы қазіргі нарықтық сұранысқа ие, ағымдағы геосаяси жағдайда ерекше өзекті болып табылады және импортты алмастыру мақсаттарына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар, жоба «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын дамыту мақсаттарымен үндеседі. Бұл жұмыс істеп тұрған немесе жаңғыртуды қажет ететін жобалардың бірі емес, қайта машина жасау саласында нақты экономикалық нәтиже беретін жаңа өндіріс болып табылады

Бюджеттік бағдарлама (3%, 9%)

Өңдеу өнеркәсібін қолдау шеңберінде қаржыландырылған жобалар

ИИДМБ шеңберінде 2024 жылы қаржыландырылған жобалар
Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: шойын құю өндірісі
Жоба жалпы құны 63 500 000 мың теңге сомасына қарастырылды, оның ішінде қаржыландыру сомасы – 58 286 000 мың теңге. 2024 жылы бұл қаражат толық игерілді. Жобаның мақсаты – шойын құю зауытын ашу.
Жобаны іске асыру шеңберінде: · өндіру, жылына орта есеппен 45–46 мың тонна өнім · 2024–2041 жылдар аралығында шикізаттық емес өнімнің экспортын 644 млн теңгеге дейін жеткізу, · шамамен 297 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлану да.
Жоба 2024 жылғы 29 қарашада пайдалануға берілді.

«KamLitKZ» ЖШС өтінімі бойынша «Қостанай қаласының индустриялық аймағында шойын құю өндірісі бойынша зауыт құру» жобасы

Экспорттық қаржыландыру

«Qarmet» АҚ өтінімі бойынша «Жабдық сатып алу» жобасы

Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Металлургия өнеркәсібі
2024 жылы жалпы сомасы 52 740,1 млн теңге көлемінде «Жабдық сатып алу» жобасын қаржыландыру мақұлданды және басталды, оның ішінде қаржыландыру сомасы 43 774,3 млн теңге. Жобаның мақсаты: · Қолданыстағы өндірісті жаңғырту; · Жаңа жабдықтар сатып алу; · Өндірістік қуаттарды кеңейту және өнім шығаруды ұлғайту. Жоба іске асырылғаннан кейін: · Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырту жүзеге асырылады. · Жобаны іске асыру мерзімі ішінде базалық параметрлер бойынша салық төлемдері 2025 жылғы 5,4 млрд теңгеден 2034 жылы 55,1 млрд теңгеге дейін ұлғаяды.

«Taraz Gelatin» ЖШС өтінімі бойынша «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының аумағында желатин өндіру зауытын салу

Өнеркәсіп: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Желатин өндіру
2024 жылы жалпы сомасы 2 061,8 млн теңге көлемінде «Taraz Gelatin» ЖШС жобасын қаржыландыру жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты - Жамбыл облысында «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының аумағында жылына 3000 тонна желатин және 1000 тонна коллаген өндіру көлемін қамтамасыз ете отырып, желатин өндіру бойынша жоғары технологиялық өндірістік кешен ұйымдастыру. Жобаның нәтижелері:
· 83 жаңа жұмыс орны ашылады;
· Бюджетке салық төлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Сутегі асқын тотығын (пероксидін) өндіру
2024 жылы жалпы сомасы 16 991,6 млн теңге көлемінде «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС жобасын қаржыландыру жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасында «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының аумағында, Жамбыл облысын да жылына 30 000 тонна сутегі асқын тотығы (пероксиді) (60%) өндірісін құру. Жобаның нәтижелері: ·
96 жаңа жұмыс орны ашылады;
· Бюджетке салық төлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС өтінімі бойынша «Сутегі асқын тотығын (пероксидін) өндіру зауытын салу» жобасы

«Otyrar Aluminium» ЖШС өтінімі бойынша «Алматы қаласының индустриялық аймағында алюминий негізіндегі ұнтақтарды өндіретін өнеркәсіптік кешен салу» жобасы

Өнеркәсіп: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Алюминий өндірісі
2024 жылы 997,5 млн теңге сомасына «Otyrar Aluminium» ЖШС жобасын қаржыландыру жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты - Алматы облысында (Алматы индустриялық аймағының аумағында) алюминий негізінде ұнтақтар өндіретін өнеркәсіптік кешен салу. Жобаның нәтижелері:
· 27 жаңа жұмыс орны ашылады;
· Бюджетке салық төлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Кондитерлік өнімдер өндірісі
2024 жылы 4 268,3 млн теңге сомасына «Бейкертон» ЖШС жобасын қаржыландыру басталды. Жобаның мақсаты: «Qyzyljar» АЭА аумағында қуаты жылына 15 204 тонна дайын өнім шығаратын кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт салу, оның ішінде І кезек – қуаты жылына 7 602 тонна донаттар желісі.

«Бейкертон» ЖШС өтінімі бойынша жылына 15 204 тонна кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт салу: І кезек – қуаты жылына 7602 тонна донаттар желісі

«QazAlPack» ЖШС өтінімі бойынша «Алюминий ыдысын шығару бойынша өндірістің үшінші кезегін ұйымдастыру» жобасы

Өнеркәсіп: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Металл өңдеу
Жобаның жалпы құны - 21 665 млн теңге Қаржыландыру сомасы - 18 398,4 млн теңге Игерілген қаржы - 16 466,6 млн теңге Жобаның мақсаты: Өндіріс көлемі жылына 2,4 млрд. дана алюминий банкалар мен қақпақтарды өндіруге арналған жабдықтар ды сатып алу. Жобаның нәтижелері:
· 103 жаңа жұмыс орны ашылады;
· 6 954 млн теңге көлемінде салық төлемдері көзделген;
· Жоба 2024 жылғы 30 желтоқсанда пайдалануға берілді.
Сала: автомобиль көлігімен жүк тасымалдау Қор 2015 жылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасы мен жеңіл автомобильдерді қоспағанда, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арнайы мақсаттағы автокөлік құралдары мен автотехниканы, отандық өндірісті сатып алуға лизингтік қаржыландыру беру жолымен отандық автоөндірушілерді қолдау бағдарламасының операторы болып табылады. Лизингтік қаржыландыру шарттары:
  • Лизинг мерзімі: 3 жылдан 5 жылға дейін;
  • Қаржыландыру валютасы: теңге;
  • Номиналды сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3%;
  • Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс): лизинг заттарының құнынан 30%
  • Негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең: 6 айға дейін;
Қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік және агенттік қызмет көрсету): лизинг алушының есебінен. Жеңіл көлікті қоспағанда, отандық өндірістің арнайы мақсаттағы автокөлік құралдары мен автотехникасы лизинг заттары бола алады. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қор төмендегі отандық автоөндірушілермен бас келісімдер жасасты:
Бағдарлама шеңберінде лизингтік қаржыландыру револьверлік сипатқа ие, яғни қолданыстағы лизингтік мәмілелерді өтеуден түскен төлемдер қайтадан лизингтік қаржыландыруға бағытталады.

Ұлттық қор қаражатын қайталама орналастыруды ескере отырып, Қор 15 510 605,3 мың теңгені игерді, оның ішінде 2024 жылы – 801 916,5 мың теңге (27 бірлік автокөлік сатып алу бойынша).

Отандық автомобильдер өндірісін қолдау шеңберінде лизингтік қаржыландыру бағдарламалары

«Алиот-сервис» ЖШС өтінімі бойынша «Темір жолдардың жылжымалы құрамы үшін өндірістік кешен ұйымдастыру» жобасы

Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: Машина жасау
2024 жылы жалпы сомасы 18 790,3 млн теңге көлемінде «Темір жолдардың жылжымалы құрамы үшін өндірістік кешенді ұйымдастыру» жобасын қаржыландыру мақұлданды және басталды, оның ішінде қаржыландыру сомасы 15 032,2 млн теңге. Жобаның мақсаты - Темір жолдардың жылжымалы құрамы үшін өндірістік кешен ұйымдастыру. Пайдалануға беру мерзімі - 2026 жылдың ІІ тоқсанында жоспарланып отыр
Сала: өңдеу өнеркәсібі
Бағыты: болат құю
2024 жылы жалпы сомасы 28 484,5 млн теңге көлемінде
«Құю өндірісін жаңғырту» жобасын қаржылан дыру мақұлданды
және басталды, оның ішінде қаржылан дыру сомасы 23 484,5 млн теңге.
Жобаның мақсаты - «Востокмашзавод» АҚ № 10 құю цехының базасында құйма бөлшектердің қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндірісін ұйымдастыру. Бұл жүк теміржол вагондарының бүйірлік жақтауы мен үстеме арқалығын құруды көздейді. Пайдалануға беру мерзімі - 2026 жыл. Жобаның нәтижелері:
· Клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру;
· Жаңа жұмыс орындарын ашу;
· Пайда табуды қамтамасыз ету және бизнестің тұрақтылығын арттыру;

«Востокмашзавод» АҚ өтінімі бойынша «Құю өндірісін жаңғырту» жобасы

Полиция және өрт сөндіру көліктері бойынша

2024 жылы Қазақстан Республикасының барлық өңірлері үшін өрт сөндіру автопаркін жаңарту шеңберінде жалпы сомасы 40 789 528,02 мың теңгеге 28 жоба қаржы ландырылды. Бұл қаражатқа 432 бірлік арнайы және қосалқы автокөлік сатып алынды
Ішкі істер министрлігі үшін арнайы көлікті жаңарту мақсатында 2024 жылы келесі 7 жоба қаржыландырылды: 1. ҚР ІІМ Түркістан қаласының Полиция департа менті – 52 бірлік көлікке 959 400 мың теңге;
2. ҚР ІІМ Қарағанды облысының Полиция департа менті – 200 бірлікке 3 462 900 мың теңге;
3. ҚР ІІМ Ақмола облысының Полиция департаменті – 1 бірлікке 248 000 мың теңге;
4. ҚР ІІМ Абай облысының Полиция департаменті – 74 бірлікке 864 300 мың теңге;
5. ҚР ІІМ Павлодар облысының Полиция департа менті – 70 бірлікке 974 460 мың теңге;
6. ҚР ІІМ Шымкент қаласының Полиция департа менті – 120 бірлікке 1 486 260 мың теңге;
7. ҚР ІІМ Қарағанды облысының Полиция департа менті – 17 бірлікке арналған 3 мәміле бойынша 1 360 600 мың теңге
2024 жылы Ақмола, Қызылорда облыстары мен Астана қаласына санитарлық автокөліктер жеткізу бойынша жалпы сомасы 7 983 750 мың теңгеге 3 жоба қаржыландырылды. Осы жоба аясында 2024 жылы 260 бірлік санитарлық көлік жеткізілді
Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен облыстарының аумағында төтенше жағдайлар кезінде жедел және тиімді әрекет ету үшін бірінші кезектегі міндеттердің бірі – жедел әрекет етуге дайын авт окөліктердің болуы. Қазіргі таңда шұғыл қызмет көліктерінің (полиция) 4 000-нан астам бірлігі амортизацияға ұшыраған. Соны мен қатар, республика халқы санының өсуіне байланысты жыл сайын шамамен 1 000 бірлік көлікті жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Қаржылық лизинг құралы бастапқы шығындарды барынша азайта отырып, автокөліктерді көбірек сатып алуға мүмкіндік береді. Жедел қызмет көліктерін (патрульдік автокөліктер және жол полициясының мотоциклдері) жаңарту шеңбе рінде лизингтік қаржыландыру келесі шарттармен ұсынылады:
  • Мерзімі – 5 жылға дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі – өтініш берушілер үшін жылдық 7%;
  • Аванстық төлем – жергілікті бюджет немесе лизинг алушының меншікті қаражаты есебінен кемінде 15% (егер лизингтік төлемдер республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен өтелетін болса, аванстық төлемсіз қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылған).

Орман өрттерінің туындауының алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыру техникасы бойынша

2024 жылы орман мекемелерінің техникалық паркінің 196 техникасын жаңарту үшін 21 жоба қаржылан дырылды, оның ішінде 56 бірлік Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің келесі мекемелеріне берілді:

Орман өрттерінің туындауының алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыру техникасы бойынша

Комбайндар мен тракторлар өндіретін отандық өндірушілерді қолдау
Сала: дәнді және бұршақты дақылдарды, соның ішінде тұқым шаруашылығын өсіру
Отандық өндірістің автобустары мен ауыл шаруа шылығы техникасын сатып алуға лизингтік қаржыландыру дың негізгі шарттары келесідей:
  • Лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;
  • Қаржыландыру валютасы – теңге;
  • Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7%;
  • Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг заттарының құнынан кемінде 15%.

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында 2021 жылға сыйақы мөлшерлемесі 6%-ға дейін және лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) 2021 жылға 0%-дан төмендетілді. Отандық өндірістің комбайндары немесе трактор лары лизинг заттары бола алады. Қор 2023 жылы отандық ауыл шаруашылығы машиналарын өндірушілерін қолдау аясында машина трактор парктерін жаңартуды лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында 10 390 698 мың теңге (ауыл шаруашылығы техникасының 215 бірлігін сатып алу бойынша) игерді

Қордың отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде машина-трактор паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы

Өнеркәсіп: көлік және қойма
Бағыты: отандық автобус өндірушілерін қолдау
Отандық өндірістің автобустары мен ауыл шаруа шылығы техникасын сатып алуға лизингтік қаржыландыру дың негізгі шарттары келесідей:
  • Лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;
  • Қаржыландыру валютасы – теңге;
  • Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7%;
  • Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг заттарының құнынан кемінде 15%.
Бағдарламалар револьверлік-қайтарымды негізде лизингтік қаржыландыруды ескере отырып, 15 жыл мерзімге есептелген, яғни қолданыстағы лизингтік мәмілелерді өтеуден төлемдер қайтадан лизингтік қаржыландыруға жіберіледі. Автобустарды жаңарту бойынша отандық авто өндірушілерді қолдау шеңберінде Қордың лизингтік қаржыландыру бағдарламасына еліміздің барлық өңірлері, оның ішінде жеке және муниципалды автобус парктері, жеке тасымалдаушылар, туристік фирмалар және басқалар қатыса алады. Бағдарлама аясында Hyundai Trans Auto, Сарыарқа АвтоПром, Daewoo Bus Kazakhstan, СемАЗ, QazTehna, Орал агроөнеркәсіп отандық автобустарын сатып алуға болады. Автобус паркін жаңартуды жеңілдетілген лизингтік қаржыландырумен қатар автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама автобус тасымалдарын жетілдіру бойынша жолаушыларды электрондық билетте ндіру жүйелерін дамыту, тариф белгілеу әдістемесін жетілдіру, оларды пайдалану мерзімдері бойынша тұрақты емес қалааралық және халықаралық қатынастарда автобустарды пайдалануды кезең-кезеңмен шектеу, отандық автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің фирмалық өңірлік орталықтарының желісін құру сияқты жүйелі шараларды көздейді. Қор отандық өндірушілерді қолдау шеңберінде автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша 265 518 997,3 мың теңгені игерді, оның ішінде 2024 жылы – 50 150 853,90 мың теңге (914 автобус сатып алу бойынша). 2024 жылы Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне 1083 автобус жеткізілді

«Сұрыптау орталығы» ЖШС өтінімі бойынша «Павлодар қаласында қоқыс өңдеу зауытын салу» жобасы

2024 жылы Қор 2 617 954 783 теңге сомасына «Сұрыптау орталығы» ЖШС-нің жобасын қаржыландырды. Жоба Павлодар қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу қызметін жүзеге асыру үшін қоқыс өңдеу зауытын салуды көздейді. Жобаның іске асырылуы:
· 124 жаңа жұмыс орнын ашуға;
· полигонға ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) көму көлемі мен алаңын азайтуға;
· қоршаған ортаға техногендік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді

«Қазтеміртранс» АҚ өтінімі бойынша 3000 бірлік жартылай вагон сатып алу

2024 жылы Қор «Қазтеміртранс» АҚ өтінімі бойын ша жалпы сомасы 98 700 000,00 мың теңгеге 3000 бірлік жартылай вагон сатып алуға арналған жобаны (4 мәміле) қаржыландыруды жалғастырды. Оның ішінде 2024 жылы 16 670 430,00 мың теңге игеріліп, 1571 жартылай вагон жеткізілді
Саласы: көлік және қойма
2024 жылы Қор Астана қаласында «KTZ Express» АҚ өтінімі бойынша
жалпы сомасы 51 692 480 мың теңгеге 2 000 бірлік фитингтік
платформаны сатып алу жобасын қаржылан дыруды жалғастырды.
Жоба аясында лизинг алушы вагон паркін жаңартуды жоспарлап отыр.
2024 жылдың қорытынды сы бойынша 193 бірлік фитингтік платформа
жеткізілді. Сондай-ақ, Қор 2024 жылы Астана қаласында жалпы сомасы 70 958 706 мың теңгеге «KTZ Express» АҚ-ның (үшінші мәміле) өтінімі бойынша тағы 2 000 бірлік фитингтік платфор маны сатып алу жөніндегі жобаны қаржыландыруды бастады. Жоба аясында лизинг алушы вагон паркін жаңартуды көздейді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 352 бірлік фитингтік платформа жеткізілді.

«KTZ Express» АҚ өтінімдері бойынша «Фитингтік платформаларды сатып алу жөніндегі жоба»

Коммерциялық жобалар

024 жылы Қор «Жолаушылар тасымалы» АҚ өтінімі бойынша жалпы сомасы 73 000 000,00 мың теңгеге 100 жолаушылар вагонын сатып алуға арналған «Жолаушылар вагондарын сатып алу» жобасын қаржыландыруды жалғастырды (11 мәміле). Оның ішінде 2024 жылы 62 жолаушылар вагоны жеткізілді. Сонымен қатар, Қор 2024 жылы аталған компания ның өтінімі бойынша жалпы сомасы 115 500 000,00 мың теңгеге 157 жолаушылар вагонын сатып алуға арналған «Жолаушылар вагондарын сатып алу» жобасын қаржылан дыруды бастады (12 мәміле). Оның ішінде 2024 жылы 50 жолаушылар вагоны жеткізілді. Сондай-ақ, Қор 2024 жылы «Жолаушылар тасыма лы» АҚ өтінімі бойынша (13 мәміле) жалпы сомасы 13 000 000,00 мың теңгеге 3 моторвагонды жылжымалы құрамды (бұдан әрі – МВЖҚ) сатып алуға арналған «Электр пойыз дарын сатып алу» жобасын қаржыландыруды жалғастыр ды. Оның ішінде 2024 жылы 1 бірлік МВЖҚ жеткізілді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өтінімдері бойынша жолаушылар вагондарын және электр пойыздарын сатып алу жобалары

2024 жылы Қор «Түрксіб Астана» ЖШС өтінімі бойынша жалпы сомасы 9 684 290,00 мың теңгеге 16 жолаушылар вагонын сатып алуға арналған жобаны қаржыландыруды жалғастырды (4 мәміле). Оның ішінде 4 006 400 мың теңге игеріліп, 10 жолаушылар вагоны жеткізілді.

«Түрксіб Астана» ЖШС өтінімі бойынша жолаушылар вагондарын сатып алу жобасы (4 мәміле)

«Бірінші мультимодальды компания» ЖШС өтінімі бойынша жартылай вагондарды сатып алу жобасы

2024 жылы Қор «Бірінші мультимодальды компа ния» ЖШС өтінімі бойынша жалпы сомасы 3 869 040,00 мың теңгеге 168 жартылай вагон сатып алу жобасын қаржыландыруды жалғастырды. Оның ішінде 2 210 880 мың теңге игеріліп, 110 жартылай вагон жеткізілді.
2024 жылы Қор «КОНСОНАНС» ЖШС өтінімі бойынша жалпы сомасы 10 995 170,10 мың теңгеге жарты лай вагондар мен пошта вагондарын сатып алу жобасын қаржыландыруды ашты. Оның ішінде 6 145 310,9 мың теңге игеріліп, 12 пошта вагоны жеткізілді (барлығы 150 жартылай вагон мен 24 пошта вагоны жоспарланған).

«КОНСОНАНС» ЖШС өтінімі бойынша жартылай вагондар мен пошта вагондарын сатып алу жобасы

«DALA AIR» ЖШС өтінімі бойынша H125 (Airbus Helicopters as 350 B3E) үш тікұшағын сатып алу жобасы

2024 жылы Қор «DALA AIR» ЖШС өтінімі бойынша жалпы сомасы 2 599 304,63 мың теңгеге үш H125 (Airbus Helicopters AS 350 B3E) тікұшағын сатып алу жобасын қаржыландыруды жалғастырды. Оның ішінде 568 110,8 мың теңге игеріліп, 3 тікұшақ жеткізілді.
2024 жылы Қор «Kaz Air Jet» АҚ өтінімі бойынша 3 851 030,24 мың теңгеге Embraer EMB-135BJ Legacy 600 жолаушылар ұшағын сатып алу жобасын қаржыландыруды ашты. Лизинг заты 2024 жылы жеткізілді.

«Kaz Air Jet» АҚ өтінімі бойынша Embraer EMB-135BJ Legacy 600 ұшағын сатып алу жобасы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өтінімі бойынша L-410 (NG) ұшақтарын сатып алу жобасы

2024 жылы Қор Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік мекемесінің өтінімі бойынша орташа қашықтықтағы L-410 (NG) турбовинтті ұшақтарды сатып алуға арналған жобаны қаржыландыру ды ашты. Жалпы қаржыландыру сомасы – 19 508 511,3 мың теңге. Ұшақтар 2025 жылы жеткізіледі деп жоспарлануда.
2024 жылы Қор «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС өтінімі бойынша жалпы сомасы 1 361 423,34 мың теңгеге 3335 бірлік жабдық сатып алуға арналған электро ндық төлем жүйесін енгізу жобасын қаржыландыруды жалғастырды. Оның ішінде 850 889,60 мың теңге игеріліп, 3335 жабдық жеткізілді

«Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС өтінімі бойынша жол жүру үшін электрондық төлем жүйесін енгізу жобасы

«Мүгедектік технологиясын зерттеудің инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС өтінімі бойынша арнайы автокөліктер сатып алу жобасы

2024 жылы Қор «Мүгедектік технологиясын зерттеудің инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС өтінімі бойынша 277 500 мың теңгеге «Сарыар қаАвтоПром» ЖШС-ден мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған 14 автокөлік сатып алу жобасын қаржыландырды. Барлық автокөлік 2024 жылы жеткізілді
Қор 2024 жылы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылы ғы комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығын дағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өтінімі бойынша жалпы сомасы 14 400 118,70 мың теңгеге 411 бірлік техника мен жабдықты сатып алу жөніндегі жобаларды қаржыландыруды ашты, 2024 жылы 29 бірлік лизинг заты жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өтінімі бойынша «Материалдық-техникалық базаны нығайту» жобалары

Қаржы институттарына несие беру

2022 жылғы 13 тамызда Қор мен «Қазагроқаржы» АҚ (бұдан әрі – «ҚАҚ» АҚ) арасында отандық өндірістің жаңа өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын қаржы лизингіне сатып алатын агроөнеркәсіптік кешен субъе ктілерін қаржыландыру үшін 30 млрд теңге сомасына қарыз шарты жасалды. Сондай-ақ, «ҚАҚ» АҚ тарапынан жоғарыда көрсетілген қаражатпен қаражатты 75/25 пропорцияда араластыру үшін 10 млрд теңге мөлшерінде коммерция лық қаражат тартылды. Отандық өндірістің ауыл шаруашы лығы техникасын лизингке сатып алу үшін қаржыландыру дың жалпы көлемі 40 млрд теңгені құрады.

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жоғарыда аталған қаражат есебінен 1001 шарт жасалып, 1093 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді.

2023 жылғы 30 қазанда Қор мен «Жасыл Даму» АҚ арасында «ҚАҚ» АҚ-ны одан әрі қаржыландыру үшін 20 млрд теңге сомасына қарыз шарты жасалды. Қаражат Қордың шотына 2023 жылғы 31 қазанда түсті.

2023 жылғы 1 қарашада Қор мен «ҚАҚ» АҚ арасында отандық өндірістің жаңа өздігінен жүретін ауыл шаруашы лығы техникасын қаржы лизингіне сатып алатын агро өнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру үшін 20 млрд теңге сомасына қарыз шарты жасалды.

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жоғарыда аталған қаражат есебінен 437 шарт жасалып, 567 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша лизинг алушыларды одан әрі лизингтік қаржыландыру үшін жалпы сомасы 18 200 000,0 мың теңгеге жеке лизингтік компаниялармен 9 мәміле қаржыландырылды

Жеке лизингтік компанияларды қаржыландыру

Шағын өнеркәсіптік аймақтарды салу үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қаржыландыру

Қор «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 86-VII заңына сәйкес бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың операторы болып табылады және Қазақстан Республика сының заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына және Қордың жарғысына сәйкес міндеттерді орындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 259 қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, соңғы қарыз алушылар үшін жылдық 3% дан аспайтын құрылысты немесе реконструкцияны одан әрі қаржыландыра отырып, 1% сыйақы мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қаржыландыру жолымен өңдеуші өнеркәсіптің шағын және орта бизнес субъектілерін орналастыру үшін республикалық маңызы бар облыстар мен қалаларда шағын өнеркәсіп аймақтарын құру (өндірістік алаңды салу немесе реконструкциялау) көзделген. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 183 «Өңдеуші өнеркәсіптің жобаларын қаржыландыру үшін кейіннен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға несие бере отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға несие беру туралы» бұйрығына сәйкес шағын өнеркәсіп аймақтарын құру мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қаржыландыру үшін 214 бюджеттік бағдарлама шеңбе рінде республикалық бюджет қаражатының 100% көздер болып табылады. 2024 жылы келесі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қорландырылды
2024 жылы Қор «Шебер Спецмаш» ЖШС өтінімі бойынша 22 890 мың теңгеге «СемАЗ» ЖШС-ден 1 бірлік қоқыс таситын көлік сатып алу жобасын қаржыландырды. Көлік 2024 жылы жеткізілді.

«Шебер Спецмаш» ЖШС өтінімі бойынша қоқыс таситын көлік сатып алу жобасы

«Жасыл Даму» АҚ қолдауымен қаржыландырылған жобалар

2024 жылы Қор «Эко Шина» ЖШС-нің жобасын 436 186 мың теңге сомасында қаржыландырды. Жоба Шымкент қаласында жүзеге асырылуда және келесі мақсаттарды көздейді:
· автомобиль шиналарын бастапқы өңдеу көлемін 67%-ға арттыру (жылына 6 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін);
· шығарылатын дайын өнім түрлерінің көлемін 2 есеге ұлғайту (жылына 3 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін);
· 42 жаңа жұмыс орнын ашу;

«Эко Шина» ЖШС өтінімі бойынша «Дайын өнім желісін кеңейте отырып, автомобиль шиналары қалдықтарын қайта өңдеу өндірісін жаңғырту» жобасы

Made on
Tilda